Дамуы ерекше жасөспірім қызды бірге туған екі ағасы көп жыл бойы зорлап келген. Арбаға таңылған әйелге жолда таксист тиіскен. Жүйкесінде кінәрат бар науқастарға арналған емханада жатқан екі әйелді мекеме қызметкерлері айлап зорлаған.
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Epetition платформасында 17 қарашада жарияланған "Біз ЛГБТИК+ адамдарды шектейтін заңдарға қарсымыз" атты петицияны қабылдамайтынын мәлімдеді. ЛГБТ қауымының құқықтарын көтеріп жүрген ұйымдар министрліктің ұстанымын сынға алды.
Совет одағында ресми саясатпен, идеологиямен келіспейтін, оны ашық білдіретін адамдарды өзгеше ойлайтындар немесе диссиденттер деп атады. Мұндай адамдар советтік Қазақстанда да бар еді. Олар кімдер? Бұл ұғымның астарында не жатыр? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Совет одағы кезінде ресми саясатпен келіспейтіндерді диссиденттер немесе “өзгеше ойлайтындар” деп атады. Сарапшылар мұндай азаматтар Қазақстанда совет заманында болған, қазір де бар деп санайды. Олар кімдер? Диссиденттік қалай анықталады?
Үкімет шетелден қаржы алатын жеке және заңды тұлғалар тізімін жаңартты. Оған 2025 жылдың бірінші жартысында шеттен қаржы алғандар енгізілген. Арасында құқық қорғау ұйымдары, жеке азаматтар мен заңды тұлғалар бар.
Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратов Қазақстаннан кетті. Ол өзін экстрадициялауды көздеген Өзбекстанның талабымен 2024 жылы Алматыда ұсталып, бір жыл уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған. Белсендінің саяси баспана сұраған өтінішін қазақ билігі биыл қыркүйекте қанағаттандырмай тастады.
Тағы