Accessibility links

Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағыты бойынша ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC931 рейсі техникалық себепке байланысты Дели қаласына қонуға мәжбүр болған. Бұл жөнінде әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Ұшақ Алматыдан түнгі сағат 1-де ұшып шығып, Делиге 05:51 қонған.

Қазіргі кезде Бангокқа ұшатын қосымша ұшақ әзірленіп жатқаны хабарланды.

Бір күн бұрын Air Astana-ның Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан ұшағының салонынан түтін шығып, бірнеше минуттан соң қайта қонуға мәжбүр болған еді.

XS
SM
MD
LG