Air Astana ұшағының салонынан түтін шығып, дереу қонуға мәжбүр болды.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, Air Astana ұшағының жолаушылары мен экипаж мүшелері зардап шекпеген. А321N EI-KDG ұшағы таңертеңгі 7.40-та қайта қонған.
Ресми ақпарат бойынша, оқиға 17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 рейсін орындау кезінде болған.
“Қазаэронавигация” мәліметінше, экипаж мүшелері салонда түтін шығуына байланысты апаттық дабыл белгісін қосқан. Осыдан кейін ұшақ қайта қонған.